Павлодар облысында полицейлердің қатысуымен жаппай төбелес болды (видео)
Жарияланған күні:
Әлеуметтік желіде Павлодар облысында бір топ азамат пен күш құрылымдары өкілдерінің төбелескен сәтінен видео тарады. Полиция оқиғаға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Кадрлардан бір топ азаматқа күш құрылымдары қызметкерлері арнайы көлікпен келгенін байқауға болады.
Артынша олардың арасында текетірес басталып, атыс дыбысы естіледі. Жиылғандар мұның база емес, дала екенін қайталаумен әлек болған.
Оқиғаға қатысты полиция пікір білдірді. Өңірлік департамент ақпаратына сәйкес, қазір билік өкілдеріне қатысты күш қолдану бабы бойынша тергеу жұмыстары басталған.
Ведомствода хабарлағандай, өңірде мал ұрлаудың алдын алу шаралары өткізілген. Одан бөлек, тәртіп сақшыларына "Металлогамма" және “NewHantamurNC” компаниялары жүгініп, "микросфера" күл-қоқыс шикізатының жаппай ұрланғанын хабарлаған.
Одан кейін Ақсу ауданындағы Ақжол және Береке ауылдарына блок-бекеттер қойылыпты. Қалқаман ауылы маңындағы бекетте құқық қорғау қызметкерлеріне жергілікті тұрғындар жүгініп, кейіннен оны өткізу үшін күл-қоқыс шикізатын тасымалдауға бола ма деген сұрақ қойған. Бірақ азаматтардың тиісті құжаттары болмаған.
Ал 13 мамыр күні блок-бекетке Береке ауылынан шамамен 30 адам келген.
Олар тәртіп сақшыларын күш көрсетумен және мүлікті зақымдаумен қорқытып, оқиға орнын тастап кетуді талап еткен. Кикілжіңнің жалғасуына жол бермес үшін құқық қорғау қызметкерлері жиылғандар әрекетінің жолын кесуге тырысқан. Ол үшін полицейлер арнайы құралдар пайдаланып, ауаға ескерту оғын атуға мәжбүр болған.
Полиция патрондар бос болғанын атап өтті. Жиылғандар блок-бекет орналасқан жерден кетіп, оқиға әрі қарай ушықпаған. Қазір ЖҚБ полицейлердің арнайы құралдар пайдалану фактісі бойынша да тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Оған қоса, департаментте жарияланған кадрларда автордың ауыл тұрғындары тәртіп сақшыларын қорқытқан сәтін қиып тастағанын атап өтті. Азаматтарға оқиғаға қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1855750-pavlodar-oblysynda-policejlerdi-katysuymen-zappaj-tbeles-boldy-video/