Әйелі мен қайын апасын пышақтаған ақтөбелікке іздеу салынды
Жарияланған күні:
Ақтөбе облысының полиция қызметкерлері әйелі мен қайын апасына пышақпен шабуыл жасаған қатыгез ер адамды іздестіруде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.
"Аса ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінген 1982 жылғы Сұлтанғалиев Берік Тұрақбайұлына іздеу жарияланады ", - делінген Ақтөбе облысы полиция департаментінің хабарламасында.
37 жастағы ер адамның белгілері: бойы 175-178 сантиметр, орта денелі, беті сопақша келген, көзі көк, қысық, шашы қоңыр, орыс және қазақ тілдерін еркін меңгерген.
Тәртіп сақшылары күдіктіні көрген білгендер бар болса, мына телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды: Ақтөбе облысы ПД кезекші бөлімі 936-100, 936-118, 936-225, 936-232, ұялы телефондар 8-775-680-58-88, 8-771-786-66-66, 8-776-546-66-66.
Еске сала кетсек, осыған дейін елордалық тұрғынның өзіне қол жұмсағанын хабарлаған болатынбыз. Марқұм өзін аңшы мылтығымен атып жіберген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1858160-jeli-men-kajyn-apasyn-pysaktagan-aktbelikke-izdeu-salyndy/