Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қираған моншаға апарды": Жеті жасында туыстары зорлаған ару жан сырын айтты

Жарияланған күні:

Жеті жасында туыстарының балалары зорлаған ару жан сырын ақтарды. 20 жастағы бойжеткеннің айтуынша, жантүршігерлік жайттан кейін ол адамдарға сенуден қалған. Тіпті, қазір ауылы мен туыстарын көргісі келмейді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Алаш айнасы" басылымына сілтеме жасап жазады.

"Қираған моншаға апарды": Жеті жасында туыстары зорлаған ару жан сырын айтты
Көрнекі фото: azh.kz: Facebook
"Жалғыз қыз болған соң туыстарымның балаларымен ойнайтынмын. Біздің көшеде туыстарымның барлығының балалары ұл болды. Басында түсінбедім, ойнап жүрмін деп ойлап, олармен еріп кете бердім. 8-9 ұл қираған моншаға апарып, жаман видеодан көргендерін істеді. Ешкімге айта алмадым",- деді бойжеткен.

Қыздың айтуынша, бұл жағдай 10 жасында тағы қайталаныпты. Бұл жайттан қыздың ата-анасы да хабардар болған екен.

"Анамның білетінін білдім. Елден ұят болады не бетімізді айтамыз деп әкеммен сөйлесіп отырғанын естідім. Етеккірдің (12жас) алғашында не екенін білмедім. Анаммен мүлдем сырласа алмадық. Сол кезде мені қараусыз ұлдармен бірге жібергені үшін іштей кінәлаймын. Балалық шағымнан осылай дақ каларын білмедім. Сол ұлдармен бір мектепте оқыдым. Олардың жүзін көрген сайын өзіме -өзім қол жұмсағым келген кездер де болды. Арасында туыс бауырым болды. Сол жағдайдан кейін туыстарыммен мүлдем араласпаймын. Адамдарға деген сенімім, сезімім өшті",- дейді ару.

Бүгінде бойжеткен дәрігерге қаралуға қорқып жүр. Пәктігімнен айырылып қалдым деп те үрейленеді.

"Жер басып жүргім келмейді. Ауылға мүлдем барғым келмейді. Сол жердің ауасын, адамдарын жек көремін. Кейін отбасылы болғанда күйеуіме осы жағдайды айтсам, маған сенер ме екен? Менің бетіме басып, табалайтын шығар. Мен бұған төзе алмаймын",- деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1862593-kiragan-monsaga-apardy-zeti-zasynda-tuystary-zorlagan-aru-zan-syryn-ajtty/