Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда тұрғылықты мекенжайы жоқ екі адам тірідей өртеніп кетті

Опубликовано:

Өрт
Көрнекі фото: pxhere.com

Алматыда жер үйден өрт шығып, екі адам мерт болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 11 тамыз күні Түрксіб ауданында болды. Өрт сөндіру қызметіне шамамен түнгі cағат 23:29-да Волочаев көшесіндегі № 399 үйдің жанып жатқаны жөнінде хабар келіп түскен.

"Алғашқы өрт сөндіру бригадалары келген кезде екі бөлмелі жер үй өртеніп жатты. Куәгер үйде тұрақты мекені жоқ адамдардың (қаңғыбастар) болуы мүмкін екенін айтты. Өртті сөндіру және тексеру кезінде екі ер адамның мәйіті табылды. Қазір олардың аты-жөні анықталуда", – деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Анықталғандай, үйдің иесі қазіргі уақытта Алматы облысында тұрады. Үй коммуникациядан толықтай ажыратылған.

Өрттен көз жұмған адамдар терезе арқылы ішке кіріп жүрген. Құтқарушылар бригадасы келген кезде үйдің есігінде құлып тұрған.

Өрт 21 минут ішінде сөндірілді. Қызыл жалын 100 шаршы метр аумақты шарпыған.

Оны ауыздықтауға 21 өрт сөндіруші мен 6 техника жұмылдырылды.

Естеріңізге сала кетейік, Ақмола облысы Атбасар ауданының Хрящевка ауылында жеке тұрғын үй өртке оранған еді. Соның салдарынан үш бала қайтыс болды.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Ақмола облысында көпбалалы ана өрт салдарынан үйсіз қалғанын хабарлаған едік. Ол ғажайыптың күшімен аман қалған. Оны көршісі құтқарып үлгеріпті. Абырой болғанда, сол түні үйде балалары болмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1869148-almatyda-trgylykty-mekenzajy-zok-eki-adam-tiridej-rtenip-ketti/

pixel