Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев қанша адам өте ауыр мемлекеттік қылмыс жасағанын мәлімдеді

Опубликовано:

абақты
Көрнекі фото: NUR.KZ

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бас прокуратураға бизнесмендерді заңсыз қудалауға жол бермеуді тапсырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақордаға сілтеме жасап.

Оның сөзінше, бес жыл ішінде заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасауға қатысты қылмыстық істер бойынша 11, ал рейдерлік істер бойынша 7 тұлға сотталған.

"Бұл цифрлардан бизнесті қорғаудың құқықтық тетіктері іске аспай жатқаны көрінеді. Мен былтыр өз Жолдауымда заңды бизнеске кедергі келтіру өте ауыр мемлекеттік қылмыс екенін айтқан едім. Міне, мұны барлық құқық қорғау органы, соның ішінде Бас прокуратура естен шығармауы тиіс", - деді мемлекет басшысы.

Осы орайда Тоқаев үкіметке бас прокуратурамен бірлесіп бір ай мерзімде барлық көтерілген мәселе бойынша нақты ұсыныстарды бекітуге енгізуді тапсырды.

Сонымен мемлекет басшысы оң үрдістер де жоқ емес екенін жеткізді. 510 бизнес жоба бойынша тек осы жылдың бірінші жартысында кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласудың 114 фактісі анықталған. Тоқаев бұл жұмысты одан әрі жалғастыруды тапсырды.

"Бас прокуратура кәсіпкерлерді қылмыстық қудалауға негізсіз тарту фактілерінің жолын тез арада кесіп отыруы тиіс. Кәсіпкерлер мен инвесторлар жемқорлық қысымынан қуатты қорғанысты сезінуі керек", - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Ақордада сыбайлас жемқорлық қарсы күрес жөніндегі кеңес өткенін хабарлады. Онда ел президенті бірқатар маңызды мәселелерді көтерді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1870226-tokaev-kansa-adam-te-auyr-memlekettik-kylmys-zasaganyn-mlimdedi/

pixel