Қызылорда облысында оқушы қызын ауылдастары зорлағанын айтқан ана жанайқайын жеткізді
Жарияланған күні:
Қызылорда облысы Қармақшы ауданында 13 жастағы қызды екі бірдей ауылдасы зорлаған. Бұл туралы жәбірленушінің анасы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Жанайқайын жеткізген ана азғындар жазаланбай, ауылда тайрандап жүргеніне ашулы.
Оқиға осыдан бес ай бұрын болған екен. Анасының сөзіне сенсек, 22 және 25 жастағы ауыл тұрғындары 9-шы мамыр күні кешкі уақытта оқушы қызды алдап, бірінің үйіне апарған.
Ойларын жүзеге асырған соң, таңғы уақытқа жақын ауыл шетіндегі көлшіктің жағасына апарып тастапты. Сол күні жәбірленуші тарап арыз түсіргендерін айтуда, алайда іс "сағызша созылып" келеді деп отыр.
Кәмелет жасына толмаған жасөспірімге қиянат жасағандар бостандықта жүрген көрінеді.
"Олар ешқандай жауапқа тартылған жоқ. Жауап алынған я қамалған жоқ, я келген жоқ. Бес ай жүзінде мен РОВД-дан ешқандай ақпарат ала алмағандықтан Қызылорда облысынан адвокат жалдап, істі көтергенімде істің қысқартылғанын білдім. Сол екеуі жазаға тартылып, баламды бүлдірген сол таңатқанша істеген қорлықтарының жазасы тартылсын", - дейді зардап шегушінің анасы.
Оқиғадан кейін, мектеп психологтары қызбен жан-жақты жұмыс жүргізген.
Ал облыстық ішкі істер департаменті аталған дерекке қатысты жазбаша мәлімдеме жасады. Онда тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатқандығын және іс департамент басшылығының қатаң бақылауында екендігі жазылған.
М. Тоқтасынқызы
Еске салсақ, бұған дейін біз 19 жастағы мұғалімді зорлаған павлодарлыққа сот үкімі шыққанын жазған едік.
Одан бөлек, Шымкентте әйелдің мәйіті табылғанын жазған болатынбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1879893-kyzylorda-oblysynda-okusyny-auyldastary-zorlagan/