Алматыда ер адам банк бөлімшесіне балтамен шабуыл жасап, тонап кетті
Жарияланған күні:
Алматы қаласында Kaspi Bank филиалына қарақшылық шабуыл жасалды. Қаруланған екі адам екі миллионға жуық теңгені ұрлап, қаржы ұйымын тонады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Банктің мәліметінше, оқиға 15 қазанда, яғни бейсенбі күні болған. Банк бөлімшесіне екі қарулы қарақшы жұмыс күнінің соңында онда клиенттер болмаған кезде келген. Филиал қызметкерлерін қорқытып, олар 2 миллион теңгені қолды қылған.
Әлеуметтік желіде таралған видеоға қарағанда, ер адамдардың бірі кассаның әйнегін балтамен сындырады, содан кейін кассаның қызметші отыратын бөлігіне өтіп, ақша жинай бастайды.
Абырой болғанда, бөлімше қызметкерлері зардап шеккен жоқ, полиция дүрбелең басталғаннан кейін көп ұзамай оқиға орнына келіп жетті.
Банк Kaspi.kz қауіпсіздік қызметі құқық қорғау органдарымен бірігіп, белсенді қызмет атқаратынын атап өтті. Қылмыскерлер табылып, заң бойынша жазаланады.
Еске салсақ, Оралда 86 жастағы зейнеткер қарақшылар шабуылының құрбаны болғаны туралы жазған едік. Бетперде киген екі қылмыскер Щапово ауылында тұратын зейнеткердің үйіне түнгісін бағалы заттарын ұрлау мақсатында кірген. Қарақшылар ауыл тұрғынын скотчпен байлап қана қоймай, қолын да кесіп тастаған.
Оған қоса, Алматы облысында бір көлікті бірнеше рет тонады деген күдікпен 23 жастағы ер адам қолға түскен болатын. “Lexus” жол талғамайтын көлігіне екі рет ұрлық жасаған күдікті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1880000-almatyda-er-adam-bank-blimsesine-baltamen-sabuyl-zasap-tonap-ketti-video/