Қазақстандық белгілі дизайнер көз жұмды
Жарияланған күні:
Белгілі streetwear-бренд дизайнері Сәбит Сырахан (Bisen) қайтыс болды. Қаралы хабарды марқұмның достары мен әріптестері жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.
Өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында дизайнердің өлімі туралы танымал рэп-орындаушы Hiro жазды.
"Бұл Нұрсұлтанның көзі. Бізбен бірге Сәбит Бисен жоқ, бірақ оның логотипі әр жерде! Бұл символды көрмедім демеңіз. Ол жейде, көше, барлық жерде! Біз көшеге сенің атыңды береміз! Ескерткіш орнатамыз!" – деп жазды өнер иесі.
Ол желіге жүктеген stories-те дизайнер адам қолынан қаза тапқанын атап өтті.
"Бисен енді біздің жанымызда емес. Досымды тепкілеп өлтірді. Сау жері қалмады! Аяқкиімінен таныды", - деді Hiro.
Қазақстандық рэп-орындаушы Азамат Маркленов те желіде жазба қалдырды.
"Кешірші бізді, күндердің бір күнінде міндетті түрде бірге жұмыс істейміз, бауырым. Сен әрдайым біздің жүрегіміздесің", - деп жазды ол.
KAZ.NUR.KZ редакциясының ұжымы Сәбит Сыраханның жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1880154-kazakstandyk-belgili-dizajner-kz-zmdy/