Нұр-Сұлтанның қақ ортасында орналасқан екі қабатты коттедж өртеніп кетті (видео)
Жарияланған күні:
Нұр-Сұлтанда екі қабатты коттедж бен оған қосарлана салынған времянка өртеніп кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Елорданың өрт сөндіру қызметінің "101" пультіне өрт туралы хабар 30 қазан, сағат 11:40-та түскен. Куәгерлер Темірқазық көшесінде екі қабатты коттедждің шатыры мен оған қосарлана салынған времянканың өртеніп жатқанын хабарлаған.
Өрт сөндіруішлер оқиға орнына 11:47-де келген. Қызыл жалын 12:10-да сөндірілген. Алдын ала болжам бойынша, 150 шаршы метр отқа оранған.
Өртті сөндіруге 21 қызметкер мен 5 арнайы техника қатысқан.
"Қайтыс болғанда мен зардап шеккендер жоқ", - деді ТЖМ.
Еске сала кетсек 27 қазанда Алматыдағы Car City жанындағы ангарда ірі өрт болды. Салдарынан тоғыз көлік жанып кетіп, сыртта тұрған тағы 3 көлікке зақым келген.
Өрт жалпы аумағы 1 мың шаршы метрді шарпыған. Оқиға орнында жеке құрамның 60 қызметкері мен 13 техника жұмыс істеген. Абырой болғанда төтенше жағдай салдарынан ешкім зардап шекпеген.
Сонымен қатар 24 қазанда оңтүстік астанада өрт сөндipушiлер Сейфуллин даңғылының бойындағы жанып жатқан дәмханадан адамдарды құтқарып алған болатын.
Бегілі болғандай "Қазына" кафесінiң түскi ac iшетiн залы, шатыры мен жабындысы жанып, өрт 200 шаршы метр аумақты қамтыған.
Қызыл жалын 35 минутта ауыздықталып, 17 сағат 58 минутта толықтай жойылған. Екi қабатты қонақ үй мен дәмхана ғимаратының 80 пайызы сақталған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1882332-nr-sltanny-kak-ortasynda-ornalaskan-eki-kabatty-kottedz-rtenip-ketti-video/