Өзбекстанда вице-министрдің көлігі жардан құлап, әйелі мен қызы қаза болды
Жарияланған күні:
Жаңа жыл түнінде Өзбекстан су шаруашылығы министрінің орынбасары Вохиджон Ахмаджоновтың Chevrolet Gentra маркалы көлігі Камчик асуындағы жардан құлап кеткен деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.
Басылымның жазуынша, көлікте болған оның әйелі мен үш жастағы қызы көз жұмған. Ал вице-министрдің өзі ауруханаға жеткізілген.
Отбасы Ферғанаға, ата-анасымен бірге Жаңа жылды қарсы алуға жолға шыққан екен.
Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Наманган облысының Ішкі істер басқармасының хабарлауынша, алдын-ала мәлімет бойынша вице-министр тізгіндеген көліктің артқы бөлігінің сол жағына Gentra көлігі келіп соқтығысқан. Оны 26 жастағы Қоқан тұрғыны басқарған.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда жол апатынан жолаушының жарақат алғаны хабарланған еді.
Жол апаты Рысқұлов даңғылының бойындағы Кудерин көшесімен түйісетін көпірде болған.
Жүргізушілер мен куәгерлердің айтуынша, Mercedes E-Class Рысқұлов бойымен батысқа қарай кетіп бара жатқан. Көпірде жүргізуші бір жолақтан екіншісіне ауысуға шешім қабылдап, тайғақ жолда рөлге ие бола алмай қалған.
Көлік бірнеше рет айналып, содан кейін бар жылдамдықпен Lexus RX-350-ге соқтығысқан, ол да батысқа қарай бара жатқан.
Жол апаты салдарынан Lexus көлігіндегі жолаушы зардап шеккен.
Белгілі болғандай көліктің артқы әйнегі сынып, сынықтар қыздың басына тиген. Ол түрлі жарақатпен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1892162-zbekstanda-vice-ministrdi-kligi-zardan-klap-jeli-men-kyzy-kaza-boldy/