Жол жиегінде тұрған: Алматы облысында жантүршігерлік апаттан 7 адам қаза тапты
Жарияланған күні:
Алматы-Өскемен тас жолында болған жол апатынан жеті адам қаза тапты. Қайтыс болған адамдардың жеке басы әлі анықталып жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Алматы облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы болған жерден түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады. Кадр сыртындағы дауыс жол апатының Ақсу ауданындағы Қызылағаш пен Сағабүйен ауылдарының арасында болғанын түсіндіреді.
"Жантүршігерлік апат. Ақсу ауданы, Алматы-Өскемен тас жолының 340 км. Nissan Qashqai жеңіл автокөлігі мен Volvo жүк көлігінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы (ауыр жүк көлігі жол жиегінде болған). Апат салдарынан оқиға орнында 6 адам қайтыс болды (барлығы ересектер), сондай-ақ әртүрлі жарақаттар алған 1 адам Жансүгіров атындағы орталық аймақтық ауруханаға жеткізілді", – делінген жазба сипаттамасында.
Алматы облысының полиция департаменті жол апатына байланысты қылмыстық кодексінің 345-бабына сәйкес тергеу басталғанын хабарлады.
"Жол апаты 14 ақпанда Алматы-Өскемен тас жолының 342 шақырымында болды. Алдын ала болжам бойынша Nissan Qashqai жүргізушісі рульге ие бола алмай, жол жиегінде тұрған ауыр Volvo автокөлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан жеті адам қайтыс болды (Nissan жүргізушісі мен 4 жолаушысы, сондай-ақ Volvo жүргізушісі мен 1 жолаушы). Қаза болғандардың кім екендігі әлі анықталуда. Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері, сондай-ақ оқиға орнына Ақсу облыстық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы аттанды", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Облыстың полиция қызметкерлері қаза тапқандардың отбасына қайғыра көңіл айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1898941-zol-zieginde-turgan-almaty-oblysynda-zantursigerlik-apattan-7-adam-qaza-tapty/