Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте ескі ғимараттан мәйіті табылғандардың онда не істегені белгілі болды

Опубликовано:

Құтқарушылар
Скриншот: "Астана" телеарнасы

Шымкентте индустриалдық аймақ аумағында үйінді астында қалып қойғандар темір кесіп жүрген болуы мүмкін. Оған қиранды астынан табылған марқұмдардың көлігі мен құрал-саймандары дәлел деп хабарлайды "Астана" арнасы.

"Ордабасы" интустриалдық аймағында орналасқан бос ғимараттардың бірінің шатыры өткен сенбі күні опырылып түскен болатын.

Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушы жасағы оқиға орнында үш сағаттай жұмыс істеп, үйінді астында қалғандарды іздестіруге барын салған болатын. Ол үшін иісшіл иттің көмегіне де жүгініпті.

Өкінішке қарай, құлаған бетон астынан үш бірдей ер адамның мәйіті табылды. Ғимарат ескі болғандықтан құтқарушылардың өзі, бастарын қатерге тігуіне тура келді дейді төтеншеліктер.

Себебі, бетон қабырғалар ауыр темір тіреуіштермен бекітілген екен.

"Алдын ала болжам бойынша бір адам сол жерде қарауыл болып жұмыс істейді деген мәлімет кеп түсті. Енді ол жерде ғимараттардың астынан темір бетондарды қырқу барысында оқиға сондай болған деген жорамал жасалудаі. Ол жерде біздің құтқарушылар да жұмыс істеген кезде өз өміріне қауіп төніп тұрды, себебі ол жұмыс істемейтін ғимарат", - дейді Шымкент қаласы ТЖД Жедел құтқару жасағының басшысы Орынбасар Төртбаев.

Белгілі болғандай, қайтыс болған күзетші индустриалдық аймақта жұмыс істегенмен, дәл оқиға болған күні жұмысқа түспеген көрінеді. Бүгінде полиция тергеу жұмыстарын бастап кетті. Тәртіп сақшыларының айтуынша, 22, 29 және 54 жастағы марқұмдардың үшеуі де Шымкент қаласының тұрғыны. Айғақты зат ретінде автокөлік пен табылған заттар алынып, тиісті сараптама тағайындалды.

А. Төребекқызы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1899333-symkentte-eski-gimarattan-maiiti-tabylgandardyn-onda-ne-istegeni-belgili-boldy/

pixel