Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада бас мешіттің құрылысы кезінде төтенше оқиға орын алды (видео)

Жарияланған күні:

Құрылыста төтенше оқиға орын алды
Видеодан кадр: instagram.com/traktorist.kz

Нұр-Сұлтанда мешіт құрылысы кезінде үлкен металл контрукциясы құлады. Желіде оқиға орнында түсірілген видео тарап кетті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Төтенше оқиғаның видеосы Instagram желісіндегі traktorist.kz парақшасында жарияланды. Бейнежазбаны түсірген ер адамдардың сөзінше, құрылыс нысанында үлкен металл контрукциясы құлап, екі кранды зақымдаған.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі KAZ.NUR.KZ тілшісіне оқиғаның 19 ақпан күні орын алғанын мәлімдеді.

"Бас мешіттің құрылысы жүріп жатқан нысанда монтаждалған металл конструкциясы құлады. Оқиға оны бекіту кезінде болған. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ" , - делінген ТЖД хабарламасында.

Анықталғандай, монтаж қызметкерлері конструкцияны монтаждап, кранды алып, оны толық бекітпек болды. Алайда, нәтижесінде металл конструкциясы құлап түскен. Құрылысшылар бұл кезде түскі асқа кеткен.

Төтенше оқиға бойынша тергеу жұмыстары жүргізілетін болады.

"Қазіргі уақытта бас мардігер "Сембол құрылыс"  болған жағдайды тергеу үшін арнайы комиссия құруда. Оқиға орнына кешенді қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері жұмылдырылды" , - деп хабарлады төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі.

Ескерту: видеода бейәдеп сөздер кездеседі!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1900036-elordada-bas-mesittin-qurylysy-kezinde-totense-oqiga-oryn-aldy-video/