Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да әйелдерше киінген ер адам шағын несие ұйымын тонап кетті (видео)

Жарияланған күні:

Күдікті
Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласында әйел адамның киімін киген ер адам шағын несие ұйымына шабуыл жасады. Күдіктінің нәзік жандыға ұқсағаны соншалықты менеджер оны қыз деп ойлап қалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға 21 наурыз күні болған.

Сол күні сағат 11.30-да Риддердегі полиция бөліміне қала тұрғынынан қоңырау түскен. Ол шағын несие ұйымының кеңсесіне шабуыл жасалғанын хабарлаған.

Зардап шегуші күдіктінің әйел адам екенін, оның ірі сомадағы ақшаны алып кеткенін айтқан.

Оқиға орнына жедел тергеу тобы мен криминалдық полиция бөлімшесінің аймақтық қызметкерлері жіберілген. Полиция қызметкерлері бір сағат ішінде күдікті ер адамды ұстаған. Ол Риддер қаласының 45 жастағы тұрғыны болып шықты.

Күдікті көптен бері Риддердегі базарлардың бірінде орналасқан шағын несие ұйымының кеңсесіне шабуыл жасауды жоспарлап келгені анықталды.

Полиция департаментінің дерегінше, күдіктінің үстінде капюшоны бар ақ түсті әйелдер курткасы ал аяғында өкшесі бар ақ түсті етік болған. Сондай-ақ ол басына парик киіп, бет-әлпетін медициналық маскамен жасырған. Осыдан кейін ол адам танымастай өзгерген.

Сөйтіп кеңсеге кіріп, қару тәрізді затпен менеджерді қорқытып, ірі көлемдегі қаражатты алып кеткен.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 191-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.

Еске салсақ, бұған дейін Атырауда шағын несие кеңсесіне шабуыл жасап, 400 мың теңгені алып кеткен күдікті ұсталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1905714-sqo-da-aielderse-kigen-er-adam-sagyn-nesie-uiymyn-tonap-ketti-video/