Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елорда тұрғыны өртке оранған үйдің терезесінен секіруге тура келген баланы құтқарып қалды (фото)

Жарияланған күні:

Өрт
Өрт. Көрнекі фото: pixabay.com

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Ақылбек Қыпшақбаевқа көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін алғыс айтты. Ер адам өртке оранған үйден баланы құтқарып қалған деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Ақылбек Қыпшақбаев өзін батыр санамайтынын алға тартты. Менің орнымда кез келген адам осындай қадамға барар еді дейді ол.

Өрт 23 сәуірде күндіз сағат екілер шамасында Петров көшесі, 5-үйде тіркелген. Бала үйде жалғыз болған.

Ақылбек
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін баланың айғайлап, көмек сұрап жылағанын естіген Ақылбек оны құтқаруға кіріскен.

Үйдің 5 қабатына жылдам көтеріліп, ашуға мүмкін болмаған темір есіктің әр жағында баланың жылап жатқанын естиді. Ақылбек ойланбастан 4-ші қабатқа түсіп, көршілерінен терезеге өтуді өтінген. Терезеден шығып, баламен сөйлесе бастайды.

Ақылбек баладан "өрт сөндірушілерді күте аласың ба" деп сұраған. Бала күте алмайтынын және түтіннен тұншыға бастағандығын айтады. Ақыры, Ақылбек баланы қолына секіруге көндіреді. Бала терезеден секірген сәтте, Ақылбек оны бірден ұстап алған.

"Мен өзім туралы мүлде ойламадым, тек баланы құтқаруды ойладым", - дейді Ақылбек.

Ақылбек Қыпшақбаев - 1987 жылғы Шымкент қаласының тумасы, үйленген, төрт бала тәрбиелеп отыр.

Ақылбек
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Ақылбек Қыпшақбаевқа "Өрттегі ерлігі үшін" төсбелгісін табыстап, отбасына бақыт пен амандық тіледі.

"Сіз біздің заманымыздың нағыз ержүрек батырысыз. Сіздің ерлігіңіз құрметке лайық. Өйткені, әркім өз өмірін қатерге тігіп, өзге адамның өмірін сақтап қала алмайды", - деп атап өтті Юрий Ильин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1909506-elorda-turgyny-ortke-orangan-uidin-terezesinen-sekiruge-tura-kelgen-balany-qutqaryp-qaldy-foto/