Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда ер адам сүйіктісін кәмелет жасқа толмаған қызының көзінше пышақтап тастады (видео)

Жарияланған күні:

Орал
Видеодан кадр: Polisia.kz

Орал қаласында өзінің сүйіктісіне қастандық жасамақ болған күдіктіні полиция қызметкері қылмыс үстінде ұстады деп хабарлайды Polisia.kz.

Желіде көптің талқысына түскен оқиға 9 маусым күні кешкі 23:00 шамасында Орал қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінінің астында орналасқан дүкенде орын алған.

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті анықтау бөлімінің аға тергеушісі Алтынбек Темірланов жұмыстан үйіне қайтып бара жатып, сауда орнынан жүгіріп шыққан ер адамды, артынша жанайқайы шыққан әйелді көрген.

Тәртіп сақшысының тез арада қол ұшын созып, қосымша күштерді шақырғаны айтылды.

Алтынбек Темірланов күдіктіні қуып жетіп, ұстамақ болғанда оның қарсылығына тап болған.

Полиция қызметкеріне “Сова” түнгі патрульдік тобы көмекке келіп, ер адамды қолға түсірді.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 9 маусым күні 1984 жылы туған ер адам Мөңкеұлы көшесіндегі азық-түлік дүкеніндегі сатушыға шабуыл жасаған.

"Дүкенге орнатылған бейнебақылау камераларынан жазбаларды қарау кезінде ер адам мен әйел арасында жанжалдың қалай туындағанын көруге болады. Оқиғаға сол дүкенде тағы бір сатушы мен жәбірленушінің кәмелетке толмаған қызы куәгер. О.есімді ер адам екінші сатушыны итеріп жіберіп, жәбірленушіні ұрып-соғып, оны пышақтап жіберген, содан кейін ол оқиға орнынан қашып шыққан кезде облыстық полиция департаментінің қызметкері құрықтап үлгерді", – делінген хабарламада.

Жәбірленуші облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне ауыстырылған.

Тергеу барысында ұсталған адам мен жәбірленуші үш жылдай тығыз қарым-қатынаста болғаны анықталды.

Сүйіктісіне пышақ ала жүгірген күдікті Ақтөбе қаласының тұрғыны. Ол Оралға бірнеше күнге сүйіктісімен кездесуге келген. Күдікті бұндай қадамға баруына қызғаныш себеп болғанын жеткізіпті.

"Қылмыс кезінде ер адам мас күйінде болған. Бұрын сотталмағаны және еш жерде жұмыс істемейтіні анықталды. Толығырақ ақпарат сотқа дейінгі тергеудің соңында жарияланады", – деді өңірдің полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1917154-oralda-er-adam-suiiktisin-kamelet-zasqa-tolmagan-qyzynyn-kozinse-pysaqtap-tastady-video/