Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тағы бір жол-көлік оқиғасы Түркістан облысында 7 адамның өмірін қиды

Жарияланған күні:

Автомобиль скорой помощи
Иллюстративное фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Бүгін, 20 маусымда Түркістан облысында жол-көлік оқиғасынан жеті адам қаза тапты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Жол апаты Созақ ауданының Екпінді - Бірлік автожолында орын алып, Lada Priora және Volkswagen Golf екі жеңіл көлігі соқтығысқан.

Жол апатынан екі жүргізуші мен бес жолаушы оқиға орнында көз жұмып, тағы бір жолаушы аудандық аурухананың реанимациясына жеткізілді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 4 бөліміндегі "абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан, көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" деп аталатын 345-бабы бойынша тергеу жұмыстары басталды.

"Полиция қызметкерлері қаза болғандардың жеке басын анықтап, жол-көлік оқиғасының барлық мән - жайын анықтауда", - делінген құқық қорғау органдарының хабарламасында.

Оқиға орнында криминалистер, анықтаушылар және ӨКМ жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Алматы облысында жол апаты орын алды: екі көліктің соқтығысуы салдарынан 7 адам қаза тауып, қалған 3 адам ауруханаға түсті. Қайтыс болғандардың арасында үш кәмелетке толмаған жеткіншек және бала бар.

Адам өліміне әкеп соққан екі жол-көлік оқиғасы жақын арада Ақтөбе облысында да орын алды. Мұнда үш адам қаза тауып, алты адам жарақат алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1918547-tagy-bir-zol-kolik-oqigasy-turkistan-oblysynda-7-adamnyn-omirin-qidy/