Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екі мектеп директоры қаза тапты: Ақтөбе облысындағы жол апаты туралы тың деректер шықты

Жарияланған күні:

апат
Фото: Ақтөбе облыстық ПД

Ақтөбе облысындағы Қобда-Ойыл автожолының 156 шақырымында тіркелген жантүршігерлік жол апаты туралы тың деректер шықты. Аударылған жол талғамайтын Toyota Land Cruiser машинасында төрт мектептің директорлары отырған деп жазады Диапазон.

Басылым мәліметінше, жүргізуші мен жолаушы оқиға орнында қаза тапқан. Олар: №33 мектептің директоры Альмира Орақова мен №20 мектептің директоры Бағдат Орынбаева.

Екі жолаушы - №25 мектептің директоры Шолпан Баяділова мен жаңа орта мектептің басшысы Ақгүл Қисықова жарақат алып, Ойыл аудандық орталық ауруханасына жеткізілді.

Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы 45 жастағы зардап шеккен бір науқастың бас сүйек ми зақымын алғанын, миы шайқалғанын, қабырғасының самай сүйегі мен бұғанасының жабық дәрежеде сынғанын, терісінің сырылғанын, II-III дәрежеде травматикалық шок алғанын хабарлады.

Екінші 45 жастағы науқас бас- ми сүйек зақымын алған. Сонымен қатар оның миы шайқалып, бұғанасы жабық дәрежеде сыныпты.

Қазіргі уақытта әйелдерді Ақтөбе қаласына жеткізу жоспарланып отыр.

Еске сала кетсек, осыған дейін Ақтөбеде Ойыл ауданындағы киелі жерлерге барған​ ​төрт мектептің директоры жол апатына түскенін жазған болатынбыз.. Білім басшылары мінген Toyota Land Cruiser жол ережесін бұзып, көлік аударылған.​

Оқиға 19 маусым күні сағат 20:20-да Қобда-Ойыл автожолының 156 шақырымында тіркелген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1918628-eki-mektep-direktory-qaza-tapty-aqtobe-oblysyndagy-zol-apat-turaly-tyn-derekter-syqty/