Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда әйелін қызғанған ер адам кісі өлтірді

Жарияланған күні:

Жұдырық1
Көрнекі фото: piqsels.com

Ақтауда Жаңа жыл мерекесі қарсаңында әйелін қызғанған ер адам кісі өлтіргені белгілі болды. Бұл іс бойынша үкім Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жарияланды деп хабарлайды облыстық соттың ресми сайты.

Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі, 188-бабының 1-бөлігі бойынша сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай сотталушы өз әйелін жәбірленушіден қызғанып, 2020 жылдың 30 желтоқсаны күні сағат кешкі 8-дер шамасында жәбірленушінің пәтеріне барып, есігін қаққан. Ер адам есікті ашқан бойда оған жұдырық жұмсап, ұрып құлатып, өлімші етіп сабаған.

Одан әрі, ол қасақана қылмыстық іс-әрекетін жалғастырып, ер адамның өлгеніне көз жеткізіп, оның 20 000 теңге тұратын ұялы телефонын жасырын жымқырып, қылмыс болған жерден ізін суытқан.

Айтыпталушы Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі, 188-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Өскеменде жауапсыз махаббаты үшін қасақана қылмыс жасаған ер адам туралы жазған едік.

Қала тұрғыны қызбен танысқаннан кейін оны ұнатып, "қырындап" жүреді.

Бірақ қыз жігіттің сезіміне жауап беруден бас тартса керек. Алайда, сүйгенінен бас тарта алмаған жігіт қыздың Instagram-дағы парақшасын, оған жазылушыларды бақылап отырып, бір ер адаммен шетелде түскен суретін көреді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1919700-aqtauda-qyzgansaq-kuieu-er-adamdy-olimsi-etip-sabagan/