Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавлда тұрғын үй өртеніп, екі адам көз жұмды

Жарияланған күні:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Петропавлда екі пәтерлік жеке тұрғын үй өртеніп, екі адам көз жұмды деп хабарлайды Қазақпарат.

Өрт сөндірушілердің мәліметінше, 7 шілде күні сағат 09.00-ге жуық 101 пультіне Петропавлдағы Фурманов көшесіндегі 73-үйдің жанып жатқандығы жөнінде хабарлама түскен.

Петропавл қалалық төтенше жағдайлар басқармасы бастығының міндетін атқарушы Әзімхан Мерғасымов өрт сөндірушілер санаулы минутта жеткенін хабралады.

Олар келген кезде екі пәтерлі жеке үйдің бір пәтері жанып жатыпты.

"Шамамен 10 минуттан кейін мамандар өрт орнынан екі адамның денесін тапты", - дейді Әзімхан Мерғасымов.

Көз жұмғандардың біреуі 1944 жылы туған ер адам, екіншісі 1985 жылғы әйел.

"Көршілері үйде тағы 15 жастағы ұл бала және 14 жастағы қыз баланың болуы мүмкіндігін айтты. Олар аман, өрт басталған кезде үйден өздігінен шыққан екен. Сонымен қатар көршілері сол күні таңғы сағат 6.00 кезінде үй иелерінің жанған төсек-орынды сөндіргенін жеткізді. Өрттің шығуына сөндірілмеген темекі тұқылы себеп болуы мүмкін", - дейді Әзімхан Мерғасымов.

Оның сөзінше, 77 жастағы ер адам өздігінен қозғала алмайтын мүгедек болған, яғни ол төсекте отырып шылым шеге берген. Бұл жолы оның темекісінің шоғы төсекке түсуі ықтимал, деді Әзімхан Мерғасымов.

"Олар төсек-орынды сөндірдік деп үйдің кіреберісіне кіргізген. Өрт сол жерден шыққан. Қазіргі уақытта көршілеріне келтірілген және жалпы шығын мөлшері есептеліп жатыр. Екі пәтерлік үйдің екіншісін жөндеп, қалыпқа келтіруге болады. Бұл үй осымен екінші рет өртеніп отыр. 2015 жылы шатыры жанған болатын, ол жолы өрт пештен шықты", - дейді басқарма бастығының міндетін атқарушы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1921477-petropavlda-turgyn-ui-ortenip-eki-adam-koz-zumdy/