Қостанай облысында орман өрті өршіп тұр (фото, видео)
Жарияланған күні:
Қостанай ауданында «Пригородное» Онман шаруашылығы басқармасының аумағында құрғақ шөп, қарағай мен қайың жануы орын алды деп хабарлайды өңірлік төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі.
"Өрт қауіптілігінің 5-ші төтенше класы белгіленді. Өрттің алдын ала аумағы шамамен 300 га құрады", - делінген баспасөз хабарламасында.
Ыстық әрі құрғақ ауа-райы, үстінгі өрт және қатты жел оттың таралуына ықпал етіп, оны сөндіруді қиындатады.
Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталуда. Төтенше жағдайда қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өртті сөндіру үшін ТЖД-дан 54 қызметкер мен 15 техникалық бірлік, ЖАО - 50 жұмысшы, 3 бірлік техника, УЛХ-дан 36 жұмысшы мен 9 бірлік техника жұмылдырылды. Оған қоса, тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ІІМ академиясынан 120 адам мен 2 бірлік техника, Қостанай ауданының полиция бөлімінен 45 адам мен 6 бірлік техника қатысты.
Өрт орнында жедел штаб құрылды. Әуе барлауы жүргізілуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1921540-qostanai-oblysynda-orman-orti-orsip-tur-foto-video/