Павлодар облысында әйелді кішкентай екі баласымен азаптап өлтірген
Жарияланған күні:
Павлодар облысы Ақсу қаласында жас әйел мен оның 5 және 7 жастағы екі баласын өлтірген қылмыскерлер іздестіріліп жатыр деп жазады Азаттық рухы.
Басылым мәліметінше, үш адамның мәйіті 12 шілдеде сағат 11:40-та Әуезов көшесіндегі үйлердің бірінен табылған.
Оқиға орнында облыстық полиция департаменті мен прокуратураның мамандары жұмыс істеп жатқаны белгілі болды.
Мәйіттердің үшеуінен де азаптаудың белгілері, пышақ жарақаттары бар.
Күдіктілерді анықтау үшін криминалистер марқұм әйелдің көршілері мен таныстарынан сұрақ-жауап алуда.
Сонымен қатар, айғақ заттар іздестіріліп жатыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша соталды тергеу жұмыстары басталды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1922037-pavlodar-oblysynda-aieldi-kiskentai-eki-balasymen-azaptap-oltirgen/