Өзге елдің азаматына тұрмысқа шығып, аяусыз пышақталған әйел жан жарасын ашты
Жарияланған күні:
Өзге елдің азаматымен некелесіп, одан жәбір көрген әйел мұңын шақты. "Жансая" дағдарыс орталығынының қызметін алушы әйел күйеуі пышақтап тастаса да, ұзақ уақыт полицияға шағымдана алмай келген. KAZ.NUR.KZ тілшісіне сұхбат берген жас келіншек "темір құрсаудан" қалай құтылып шыққанын айтып берді.
Бану (есімі өзгертілді - ред. еск.) өзге елдің өкілімен азаматтық некеде тұрған. Айтуынша, ол күйеуімен бірге тұрған уақытта өзін қатаң бақылаудағы лагерьде өмір сүріп жатқандай сезінген.
"Арамызда түсініспеушіліктер болып, күйеуімді өз еліне жібердім. Алайда, ол атын өзгертіп, Қазақстанға қайтып келді. Сөйтіп маған тыныштық берген жоқ... Одан құтыла алмайтынымды біліп, бірге өмір сүруге мәжбүр болдым. Өмірім қатаң бақылаудағы лагерь іспеттес еді. Күйеуім мені үнемі тексеріп, сынға алып, ұрыс шығарды, қызғанса мені өлтіріп қоя жаздайтын", - дейді ол өткен өмірі жайлы.
Жас келіншек еш кінәсі болмаса да, өмір бойына кесілген жазасын өтеп жатқандай әсерде жүргенін айтады.
"Көмек сұрар жан таба алмадым. Күйеуім де өзгелермен байланысуға мұрша бермеді. Кезекті дау-дамайдың бірінде күйеуім маған пышақ жарақатын салып, кейін мені өз аяғымен емханаға жеткізді", - дейді Бану.
Шетелдік күйеуі Банудың жарақаттан әлсізденіп, дәрменсіз күйде жатқанына қарамастан полицияға хабарласа алмас үшін оны бақылаусыз қалдырғысы келмей, жанынан шықпай қойған.
Бірақ дәрігерлер осындай жарақат алған науқас туралы құқық қорғау органдарына хабарлауға міндетті болатын. Дағдарыс орталығы мамандарының айтуынша, бұл жас келіншекті құтқаруға көмектескен.
Полиция қызметкерлері Бануды «Жан-Cая» Дағдарыс Орталығына бағыттап, күйеуін қамауға алады, бірақ кейін оны босатады.
Орталық қызметкерлері Бануға жан және тән жарақаттарын жазуда медициналық қызметкер мен психолог жәрдемдескенін жеткізді.
"Кейде тіпті пышақ жарақатына байланысты жедел жәрдем шақыруға тура келген кездер де болды. Дағдарыс Орталығына түскен алғашқы күндерінде Бану өзгелердің оған жаны ашып, қолдау көрсете алатынына күмәнданып, өзін агрессивті ұстайтын. Уақыт өте келе оның жүзінде күлкі пайда болды. Заңгер маманмен Бану бірлесе отырып, оның арызы «ұзақ жәшіктердің» біріне жатпас үшін барын салып әрекет етті. Орталықтан кетерде тәуелсіздікке қол жеткізген Бану басқа қалаға кетіп, жаңа өмір бастады", - дейді "Жансая" дағдарыс орталығының мамандары.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1922040-ozge-eldin-azamatyna-turmysqa-sygyp-ayausyz-pysaqtalgan-aiel-zan-zarasyn-asty/