"Денесінің елу пайызын күйін шалған": Павлодар облысында күйеуі өртеген әйел ауыр халде жатыр
Жарияланған күні:
Павлодар ауданы Розовка ауылының 34 жастағы тұрғыны Павлодар қаласындағы №1 қалалық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, әйелдің денесінің 50 пайызын күйік шалған.
"Науқастың жағдайы ауыр. Дәрігерлер аман алып қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда", - деп мәлімдеді ведомствода.
Рождественка ауылдық округінің әкімі Рашид Галеевтің айтуынша, отбасының жағдайы жақсы. Ерлі-зайыптылардың Розовка ауылында екі дүкені бар. Бірінде азық-түлік сатылса, екіншісінде тұрмыстық заттар саудаланады. Үш баланы тәрбиелеп отыр.
"Үлкен қызы биыл жетінші сыныпқа барады, екеуі – мектеп жасына дейінгі, кенжесі - бір жасар бала. Қазір балаларды атасы мен әжесі қарап отыр", - деді Рашид Галеев.
Ауыл тұрғындары бұл отбасының осындай жағдайға тап болғанына таң қалуда.
Облыстық полиция департаменті зардап шеккен адамның жұбайына өтініш жазудан бас тартқанын хабарлады. Дегенмен, тәртіп сақшылары ҚР ҚК 107-бабы, "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Еске сала кетейік, Розовка ауылының тұрғыны әйелін өртеп жіберді. Ерлі-зайыптылар арасында жанжал шыққан. Ер адам мас күйінде көлік жүргізбек болған, ал әйелі оған тыйым салған.
Бұдан кейін 36 жастағы ауыл тұрғыны тоңазытқыштан алкоголь алып, әйеліне құйып, үстіне от қойған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1926441-denesin-elu-paiyz-kuiin-salgan-pavlodar-oblysynda-kuieui-ortegen-aiel-auyr-xalde-zatyr/