Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұйықтап кеткен": Павлодарда қуатталып тұрған ұялы телефоннан өрт шығып, бір адам зардап шекті

Жарияланған күні:

Өрт41
Оқиға орнынан фото: Павлодар облыстық ТЖД

Павлодарда ұлы телефоннан шыққан өрттен 2002 жылы туған қыз зардап шекті. Тілсіз жау жатын бөлмені толық шарпыған деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 19 тамыз күні сағат 10:20-да Нұркин көшесі, 116 мекенжайындағы 2 қабатты тұрғын үйде болған.

"Екінші қабаттағы пәтердің жатын бөлмесінде өрт шығып, үй заттары мен жиһаздар жанған. Жалын 20 шаршы метр аумақты шарпыды. Сағат 11:00-де өрт толығымен сөндірілді. Оқиға орнынан 2002 жылы туған қыз ауруханаға жеткізілді. Қыздың басын 30 пайыз күйік шалған", - деді қалалық ТЖ басқармасының басшысы міндетін атқарушы Тілекжан Галямов.

Департаменттің хабарлауынша, өрттің шығуына электр құралдарын қолдану кезінде өрт қауіпсіздігі ережесін бұзу себеп болған.

"Зардап шеккен қыз ұйықтап қалған. Ұялы телефоны қуаттау көзіне қосылып, төсекте жатқан. Шыққан өрттен алдымен матрас жанған", - дейді ТЖК өкілі.

Өрт сөндіру үшін жеке құрамнан 16 адам мен 5 техника жұмылдырылған. Сонымен қатар оқиға орнына медициналық мекеменің 3 қызметкері мен 1 техникасы келген.

Еске салсақ, бұған дейін ресейлік маман Эльвина Насибулина смартфонды түнде қуаттағышқа қосып қалдырмауға кеңес берген еді.

Оның сөзінше, телефонды ұйықтар алдында қуаттап алып, сосын энергияны үнемдеу режимін қосып қою керек.

Маман телефонды температура тым жоғары немесе тым төмен бөлмеде де қуаттамаған абзал екенін айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1928031-pavlodarda-quattau-kozine-qosylgan-uyaly-telefonnan-ort-sygyp-bir-adam-zardap-sekti/