Жамбыл облысында жарылыстан қаза тапқандар саны 9-ға жетті
Жарияланған күні:
Жамбыл облысында әскери бөлім қоймасындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 9-ға жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
27 тамыз күнгі сағат 13:00-дегі жедел ақпарат бойынша, Жамбыл облысындағы төтенше жағдай салдарынан қаза тапқандар саны 9 адамға жетті.
"Оның ішінде ҚР ТЖМ, әскери бөлімнің, әскерилендірілген күзет пен әскери прокуратура қызметкерлері бар. Қаза болғандардың жеке тұлғасы анықталып жатыр. Табылмай жатқан 2 адам туралы деректер анықталуда. Бұл туралы Жедел штаб мәлімдеді", - деді ТЖМ баспасөз қызметінде.
Алдын ала ақпарат бойынша, ауруханаға ТЖД 49 қызметкері түскен.
Оқиға орнында министр бастаған ТЖМ жедел тобы жұмыс істеуде.
ҚР ТЖМ ДЖБО-да және өрт орнында КШМ базасында өрт сөндіру штабы құрылды, Жамбыл облысы ТЖД-де жедел штаб жұмыс істеп жатыр.
Төтенше жағдайды жоюға барлығы жұмылдырылды:
- ТЖМ-153 қызметкер, 46 бірлік техника,
- ДП-400 қызметкер, 54 бірлік техника,
- №28349 ә/б-8 қызметкер, 2 бірлік техника,
- №5513 ә/б-273 әскери қызметші, 12 бірлік техника,
- Ұлттық Ұлан-520 адам және 250 адам резервте.
Халыққа ақпараттық және психологиялық көмек көрсету үшін Жамбыл облысының ТЖМ және ТЖД жедел желі ашылды.
ТЖМ – 33-32-89, 53-32-79,
ТЖД– 8 (7262) 51-41-67, 51-37-75, +77788109109.
Еске салсақ, бұған дейін Жамбыл облысында әскери бөлім қоймасының маңынан өрт шығып, жойқын жарылыс болғаны хабарланған еді.
Апаттан кейін Нұрлан Ермекбаев өз еркімен қызметінен кетуге дайын екенін жеткізді. Министрдің сөзінше, ол бұл шешімді жарылыс туралы хабарлама алған сәтте қабылдаған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1929262-zambyl-oblysynda-zarylystan-qaza-tapqandar-sany-9-ga-zetti/