Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Талибандар" Ауғанстанда ДАИШ ұйымына шабуыл жасады

Жарияланған күні:

Тәліптер
Көрнекі фото: пппп

"Талибан" (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) ДАИШ-ке (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) шабуыл жасады деп хабарлайды Al Jazeera.

Тәліптерге "Ислам мемлекеті" Хорасан провинциясына қоныстанды деген хабар жеткен. Сонымен өатар ДАИШ өкілдері Кабулда, Джелалабадта және Мазари-Шарифте байқалыпты.

ДАИШ Джелалабадта 35-ке жуық тәліп жауынгерін өлтіргенін хабарлаған, алайда Талибан ұйымы бұл көрсеткішті жоққа шығарды.

Ақпарат және мәдениет министрінің орынбасары Забихулла Муджахид Әл-Жазира басылымына берген сұхбатында тәліптер елде бүлік жасағандарды белсенді түрде қадағалап жатқанын жеткізді.

"Талибан" Нангархарда күдікке ілінген 80-ге жуық содырдың ұсталғанын хабарлап, ДАИШ өкілдерін қудалауды бастады.

Сонымен қатар, "Талибан" Әбу Омар Хорасани есімімен де танымал ДАИШ-тың бұрынғы жетекшісі Мавлави Зию уль-Хаканы өлтіргенін мойындап отыр.

Айта кетейік, Ауғанстандағы жағдай АҚШ әскерінің елден шығарылуымен күрделене түсті. "Талибан" жауынгерлері ашық шабуылға шығып, қысқа уақыт ішінде мемлекет аумағының көп бөлігін бақылауға алды.

Кейбір провинциялар мен қалалар қозғалыс күштеріне қарсылық көрсетпей-ақ берілді.

15 тамыз күні "Талибан" Ауғанстан астанасы - Кабулды ұрыссыз бағындырды.

Ауғанстан президенті Ашраф Гани Кабулға тәліптердің енуіне байланысты президенттік өкілеттігін тоқтатып, елден кетті.

Гани мұндай шешімді Кабулда "қантөгісті болдырмау" үшін қабылдағанын жазды. Айтуынша, "Талибан" өзін ел басшылығынан кетіру үшін осындай әрекетке баруға дайын болған.

Ал "Талибан" қозғалысы Ауғанстанда 20 жылға созылған соғыстың аяқталғанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1934308-talibandar-auganstanda-dais-uiymyna-sabuyl-zasady/