Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда ит төбелесіне тыйым салынбақ

Жарияланған күні:

Ит төбелес
Көрнекі фото: Majid Saeedi/Getty Images

Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова мәжілісте Қазақстанда ит төбелесіне тыйым салу жоспарын жариялады. Мұндай норма "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заң жобасына енгізілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мәселені депутат Сырым Адамбаев көтерді.

"Қоғамда иттердің жекпе-жегі туралы мәселе жиі көтеріледі, кейбірі мұны жануарларға қатысты қолайсыз әрі қатыгездік деп санайды. Заң жобасында бұл мәселені заңнамалық реттеу қарастырылған ба?", - деп сұрады ол.

Әлия Шалабекова иттердің жекпе-жегі заң жобасына енгізілгенін және онда мүлдем тыйым салынғанын айтты.

"Заң жобасы бойынша ит төбелесіне толық тыйым салынбақ. Иттердің жекпе-жегі – бұл өте қатыгез ойын, оған тыйым салу қажет.

Бірақ аңшылықта қолданылатын трофейлік иттерге келетін болсақ, бұл "Аймақ жануарлар әлемін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" заңмен реттеледі, онда аңшылық иттердің жауынгерлік қасиеттерін жоғалтпауы үшін арнайы алаңдар пайдаланылады. Ол реттеледі", – деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1936180-qazaqstanda-it-tobelesine-tyiym-salynbaq/