Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Норвегияда белгісіз азамат бес адамды садақпен атып өлтірді (видео)

Жарияланған күні:

Садақ
Садақ ұстаған адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Норвегияның Конгсберг қаласында белгісіз азамат садақпен 5 адамды атып өлтірді деп хабарлайды "Хабар 24".

Тағы екі адам жарақат алған. Оның бірі - тәртіп сақшысы.

Ер адам белгісіз себептермен көшеде жүрген тұрғындарға садақ атқан. Бұқаралық ақпарат көздерінің хабарлауынша, оны полиция ұстаған.

Жергілікті билік бұл оқиға теракт болуы мүмкін деген болжам жасауда. Тергеу жалғасып жатыр.

"Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен тікұшақтар тартылды. Оқ атқан күдікті абақтыға қамалды. Әзірге оның есімін жариялай алмаймыз. Қылмыс болған жер қоршалды. Мән-жайды анықтау үшін куәгерлерден жауап алынып жатыр", - дейді полиция қызметкері Оейвинд Аас.

Еске салсақ, бұған дейін Пермь мемлекеттік университетінде атыс болғанын хабарлаған едік.

Атыс кезінде кейбір студенттер ғимараттағы терезе арқылы сыртқа шығып үлгерсе, енді бірі аудиторияларға тығылған. Атыс кезінде травматикалық қару қолданылған. Оқиға куәгерлері қолына қару алып ғимаратқа қарай бет алған ер адамды видеоға түсіріп алған.

Соңғы ресми мәліметтерге сүйенсек, атыстан 8 адам қаза тапқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1937089-norvegiya-turgyny-bes-adamdy-sadaqpen-atyp-oltirdi-video/