Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада сауда орталығында студентті соққыға жықты: тергеу басталды (видео)

Жарияланған күні:

1
Видеодан кадр: instagram.com/astana_typical

9 қарашада елордадағы сауда орталықтарының бірінде төбелес болды. Көп ұзамай оның видеосы желіде жарияланып, көпшіліктің қызу талқысына түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бейнебақылау камераларына таспаланған видеоны Instagram желісіндегі "Типичная Астана" парақшасы жүктеді. Оның сипаттамасында 9 қараша күні 17 жастағы екі қыз сауда орталығында қыдырып жүргені, оларға белгісіз жігіттер тиісе бастағаны айтылған.

Жазба авторының сөзінше, артынша қыздардың бірі ағасына, 19 жастағы студентке хабарласқан. Көп ұзамай ол сауда орталығына келіп, соққының астында қалған. Сондай-ақ, кикілжіңге ешкім араласпаған, жақын маңда полицейлер болмаған.

NUR.KZ тілшісі оқиғаға қатысты пікір алу үшін Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметіне хабарласты. Ведомство 9 қараша күні сағат 21:30- да "102" нөміріне Достық көшесінің бойында орналасқан "Керуен" сауда- ойын- сауық орталығындағы төбелес жайлы хабар түскенін мәлімдеді. Материал Есіл аудандық ПБ-ға тіркелген.

"Аталған фактіге қатысты "Бұзақылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта кінәлі тұлғаларды анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр",- деді полицияда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1942034-elordada-sauda-ortalygynda-studentti-soqqyga-zyqty-tergeu-bastaldy-video/