Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында үш жігіт түнде адамдарға қарулы шабуыл жасаған

Жарияланған күні:

Қару
Көрнекі фото: Көліктегі ПД баспасөз қызметі

Алматы облысында үш жігіт түнде тұрғындарға қарумен шабуыл жасаған. Олар оңтүстік астанада қолға түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.

6, 7 және 9 қараша күні Қарасай аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне үш адам арызданған. Олар түнгі уақытта өздеріне қарулы шабуыл жасалғанын айтқан.

Барлық жерде үш жігіт медициналық маска, кепка және капюшонмен бой көрсеткен. Олардың қолында тапанша мен пышақ болған.

Күдіктілер жәбірленушілерге қоқан-лоқы көрсетіп, 330 мыңнан 840 мың теңгеге дейінгі қымбат телефонын тартып алған. Олар жалға алынған Honda сұр көлігімен жүрген.

Жәбірленушілердің арызынан кейін полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шарасын ұйымдастырып, күдіктілер Алматы қаласында ұсталған.

Анықталғандай олар осыған дейін қарақшылық жасағаны үшін, денсаулыққа ауыр зиян келтіріп, біреудің көлігін айдап әкеткені үшін істі болған.

Жігіттерден пышақ, тапанша, екі ұрланған телефон мен маска тәркіленген. Күдіктілер екі телефонды сатып үлгерген.

Қазір аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 192-бабы 2-бөлігі 1, 4-тармағы ("Адамдар тобы жасаған қарулы қарақшылық") бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу уақытында үш күдікті де қамауда болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1942459-almaty-oblysynda-us-zigit-tunde-adamdarga-qaruly-sabuyl-zasagan/