Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шортандыдағы жарылыстан ауыр жарақат алған 11 жасар Қазақстан чемпионы қайтыс болды

Жарияланған күні:

Оразалы Жарқынбек
Оразалы Жарқынбек: instagram.com/muaythai_qazaqstan

16 қараша күні Ақмола облысы Шортанды кетіндегі жеке үйлердің бірінде болған газ баллонының жарылысынан зардап шеккен 11 жастағы Оразалы Жарқынбек көз жұмды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қаралы хабарды муай тай спортымен айналысатын Оразалының жеке бапкері Жандос Есенаманов жеткізді.

Бапкердің айтуынша, Оразалының әкесі мен 9 жасар қарындасы да ауыр халде жатыр.

Еске сала кетесек, 16 қараша күні Шортандыдағы жеке үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, 3 адам қаза тауып, 11 адам ауруханаға түскен еді. Олардың қатарында муай тайдан балалар арасындағы Қазақстан чемпионы Оразалы Жарқынбек те бар еді.

Туыстарының мәліметінше, Оразалыны әкесі құтқарып, өртеніп жатқан үйден далаға шығарған. Бірақ жас спортшы қарындасын құтқару үшін үйге қайта кірген кезінде өрттен төбедегі ағаштар құлап, астында қалып қойған.

Оразалы Нұр-Сұлтандағы балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілген болатын, жеткіншек 20 қарашада көз жұмған. Аталған апаттан оның анасы мен төрт жасар қарындасы оқиға орнында мерт болған еді.

Ал отбасының ең кішісі, бір жарым жастағы сәби жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылған.

Айта кетейік, Оразалы Жарқынбек талантты спортшылардың қатарынан болған. Ол муай тайдан облыс және республика чемпионы атағын жеңіп алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1943190-sortandydagy-zarylystan-auyr-zaraqat-algan-11-zasar-qazaqstan-cempiony-qaitys-boldy/