Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстау тұрғыны ойын клубына от қойып, оны видеоға түсірген

Жарияланған күні:

Өртенген ойын клубы
Видеодан кадр: lada.kz

Бейнеу тұрғыны ойын клубын өртеп, бұл әрекетін видеоға түсірген. Маңғыстау облысының полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын хабарлады, деп жазады Lada.kz.

Басылымның мәліметінше, ер адам 20 жылдық тәжірибесі бар ойыншы болған. Болжам бойынша, ол компьютерлік техника мен жиһаздарға бензин құйған.

"Мен өзімнен білемін, бұл ауру. Ойнаған жылдары мен 200 млн теңгеге жуық ақшадан айырылдым. Төрт балам, отбасым мен достарым бар. Ойын үшін мен өз туыстарымды алдадым", - дейді Бейнеу тұрғыны.

Оның сөзінше, құмар ойынға қызыққандар қолындағы барын сатуға дайын.

"Мен бұл ғимаратты өртемей тұра алмадым. Мен жауапкершіліктен қашпаймын және не нәрсеге барғанымды білемін. Мен бәрінен кешірім сұраймын", - дейді ер адам.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, күдікті ұсталған.

"Аталған оқиға бүгін, 3 ақпанда тіркелді. Сағат 11 шамасында полицияға ойын клубындағы өрт бойынша шақыру түсті. 36 жастағы ер адам кінәсін мойындап, түсініктеме берді. Қылмыстық кодекстің 202-бабы бойынша ("Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе зақым келтіру") сотқа дейінгі тергеу басталды", - дейді ведомствоның баспасөз қызметінен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1954430-mangystau-turgyny-oiyn-klubyna-ot-qoiyp-ony-videoga-tusirgen/