Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күні бойы аңдыған": Алматылық бойжеткенді бұрынғы жігіті түн ішінде соққыға жықты деп күдіктелуде

Жарияланған күні:

Бұрынғы жігіті бойжеткенге қол көтерді
фото: pixabay

Алматыда түн ішінде бойжеткеннің соққыға жығылған сәті тұрғын үй подъезінің бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бойжеткеннің соққыға жығылғанын білген құрбысы бұл жөнінде nemolchi.kz парақшасында жазба жариялайды.

"Менің құрбымды бұрынғы жігіті қатты ұрып тастады. Полиция үш күннен бері ешқандай шара қолданбай отыр. Олар бір ай бұрын ажырасып кеткен. Алайда, сол оқиға болар күні жігіт қызды күні бойы аңдыған. Кешкі сағат 9 шамасында ол өзінің құрбысының үйіне маникюр жасауға барады. Әңгімелесіп, түнгі екіде үйіне қайтқанда, жігіттің сонша уақыт бойы оны күтіп тұрғанын байқайды. Бұрынғы жігіті тағы бір мүмкіндік беруін сұрап, подъездге дейін сөмкесін көтерісіп келген. Бірақ қыздың келіспейтінін білген соң телефонын тартып алып, соққыға жыққан", - дейді құрбысы.

Осы оқиғаға байланысты қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Әбдірахманов пікір білдіріп, күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

"5 ақпаннан бастап аталған іс бойынша Әуезов аудандық полиция бөлімшесі тергеуді бастады. Құқықбұзушы сол күні ұсталды. Ол 1995 жылы туған Ж. есімді азамат. Дене жарақатына байланысты мединициналық сараптау тағайындалды", - деп жазды Әбдірахманов.

Ал бойжеткеннің бұрынғы жігіті мұндай әрекетке қызғаныштан барғанын айтып, кешірім сұраған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1955359-kuni-boiy-andygan-almatylyq-boizetkendi-buryngy-zigiti-tun-isinde-soqqyga-zyqty-dep-kudiktelude/