Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жұрт қарап тұрды": Павлодарлық әйелді ит талап өлтіріп қоя жаздаған

Жарияланған күні:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодарлық әйел өзін ит талап жатқанда куәгерлер еш көмектеспегенін айтып, жанайқайын жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 30 тамызда таңғы сағат 06:00 шамасында болған.

Полиция аға лейтенанты Бейбіт Жақыповты әйел адамның көмек сұраған жанайқайынан оянып кетеді. Ол бірден терезеге жүгіріп барғанда, итке таланып жатқан әйелдің жұртты көмекке шақырып жатқанын көреді. Бейбіт жылдам киініп, өзімен бірге көлігінің кілтін ала сала көшеге жүгіріп шығады.

"Көлігімді ауладағы тұраққа қойған едім, оны тез оталдырып, оқиға болып жатқан жаққа беттедім. Жақындай бере иттің назарын аудару үшін сигнал бастым, бірақ төбет тіпті назарын да аудармады. Содан соң жүгіріп барып, таяқпен итті қудым. Әйелдің орнынан көтеріліуіне көмектесіп, оны итімен бірге көлікке отырғыздым. Ашулы төбет қайта ұмтылғанда, көліктің есігін әрең жауып үлгердім. Қолымдағы таяқты сермеп, көлікке өзім де отырдым. Содан соң бірден оқиға туралы 102-ге хабарладым. Әйелге медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткіздім, өйткені иттің азуынан аяқ-қолы қатты жараланған еді әрі көп қан жоғалтып алыпты", – деді Бейбіт.

Оксана Бород сол күнгі оқиғаны қорқынышты түстей еске алады. Тіпті өзінің әлі тірі екеніне сенбейді.

"Өтіп бара жатқан адамдардың ешқайсы көмектеспеді. Кей тұрғындар балконда жай ғана қарап тұрды. Сол күні, жексенбінің таңында мен әдеттегідей итімді серуендетуге шыққан едім. Аяқасты не болып кеткенін бастапқыда түсінбей қалдым. Біреу мені қағып кетті, артынша жерге құладым, содан кейін ғана маған иттің тарпа бас салғанын түсіндім. Ол қолыма, содан кейін аяғыма жабыса кетті. Ол ызалана қауып, аяқ-қолымды аямай қатты жаралады. Мен де, итім де зардап шекті. Мен айқайлап, жұртты көмекке шақырдым. Көп ұзамай жеткен бір жігіт итті ұрып, мені қабаған иттің азуынан құтқарып қалды. Мен сол кезде де ештеңе түсіне алмадым, бәрі тұман сияқты болып тұрды. Ол жігіт өз өмірі мен денсаулығына қауіп төнсе де, маған көмектесті. Егер сол жігіт болмағанда, мен тірі қалмас едім! Сол оқиғадан кейін әлі күнге дейін өзіме келе алмай қаламын. Бірақ мені сол кезде құтқарып қалған жігітті енді ғана таптым. Тек сотта ғана Бейбіттің полиция қызметкері екенін білдім. Бейбіт Жақыповқа ерлігі мен батылдығы үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді", – депді Оксана Бород Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Василий Склярға жазған хатында.

Айта кетейік, жеке аумақта тіркеусіз жүрген, көшеге шығып кеткен иттің иесі сол күні әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 408-бабы бойынша жауапқа тартылған. Ал зардап шеккен келіншек моральдық зиянды өтеу үшін сотқа жүгінген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1955888-zurt-zai-gana-qarap-turdy-pavlodarlyq-aieldi-it-talap-oltirip-qoya-zazdagan/