Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көлік аударылып, өртеніп кеткен: Талдықорғанда жол апатынан бүтін бір отбасы қаза тапты

Опубликовано:

Жол апаты
Фото: instagram.com/ushtobeqz

Талдықорғанда жантүршігерлік жол апаты болып, салдарынан төрт адам қаза тапты. Жол-көлік оқиғасының мән-жайын Алматы облысының полиция департаменті айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жантүршігерлік жол апатының видеосы әлеуметтік желіде тарап жатыр. Кадрларда толығымен өртеніп кеткен Subaru Impreza көлігі көрсетілген.

Жазба авторының сөзінше, иномарканың салонында ер адам мен оның әйелі, 7 және 1 жастағы екі баласы болған.

Алматы облысының полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 18 ақпанда сағат таңғы 5:45-те болған.

"Subaru Impreza жүргізушісі Жансүгіров көшесінің бойымен келе жатқан. Қала шетінде ол рөлге ие бола алмай, аударылуға жол берген. Содан кейін көлік өртенген. Оқиға орнында екі адам қайтыс болды. Қалалық ауруханаға тағы екі зардап шегуші (екеуі де кәмелетке толмаған) жеткізілді. Олардың бірі жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 4-бөлігімен (Бір немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған жол-көлік ережелерін бұзу) сотқа дейінгі тергеу басталып, сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады полиция департаментінен.

Сонымен бірге, облыстық денсаулық сақтау басқармасы дәрігерлер жол апатынан аман қалған қызды құтқарып қала алмағанын хабарлады.

"Зардап шеккен бала облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізіліп, бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Өкінішке қарай, жарақаттары тым ауыр болды, қыз бала есін жимастан көз жұмды", - деді өңірлік денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ләйлім Әубәкірова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1956851-kolik-audarylyp-ortenip-ketken-taldyqorganda-zol-apatynan-butin-bir-otbasy-qaza-tapty/

pixel