Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында полиция қызметкері қаза тапқан жол апаты видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Жол апаты
Видеодан кадр: t.me/jexenews

Әлеуметтік желіде Toyota Camry көлігі мен патрульдік полиция көлігінің соқтығысқан видеосы пайда болды. Бүгін түнде жол апатынан кейін жансақтау бөліміне түскен полиция қызметкерінің қайтыс болғаны хабарланды. Ақпаратты Атырау облысының полиция департаменті растады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Болжам бойынша полиция көлігінің тіркегішіне түсіп қалған видео желіде жарияланды.

Онда Toyota Camry көлігінің қарсы бағытта, содан кейін жол жиегіне қарай жақындағаны көрсетілген. Салдарынан патрульдік көлікпен соқтығысады.

Осыдан кейін жазба өшіп қалған.

Атырау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, жол апаты 16 наурызда Атырау-Индер тас жолында болған.

Toyota Camry көлігінің жүргізушісі қозғалыстың қарсы бағытына шығып кетіп, Skoda патрульдік көлігімен соқтығысқан.

Оқиға орнынан 7 адам ауруханаға жеткізілген. Өкінішке қарай, жол апатынан зардап шеккен полиция қызметкері қаза тапқан.

Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер бар.

Еске сала кетсек, бұған дейін Батыс Қазақстан облысында жүк көліктері соқтығысып, салдарынан екі адам көз жұмғанын жазған едік.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сонымен қатар, Алматыда "Lexus RX-300" көлігі контейнерге соғылып, 17 жастағы жолаушы мерт болған еді.

Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1961464-atyrau-oblysynda-policiya-qyzmetkeri-qaza-tapqan-zol-apaty-videoga-tusip-qaldy/

pixel