Атырау облысында ауылды су басып, тұрғындар эвакуацияланды (фото, видео)
Жарияланған күні:
Атырау облысындағы ауылды су басып, тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді. Бұған қатысты өңірлік төтенше жағдайлар департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Ведомствоның мәліметінше, 30 наурыз күні сағат 22.00-де Сағыз ауылында еріген қардың әсерінен Ноғайты өзені арнасынан асып кеткен. Су деңгейі шамамен 3 метрге көтерілді.
Атырау облысының төтенше жағдайлар департаменті, әкімдік, полиция және жергілікті кәсіпкерлер бірлесе тұрғындарды ауылдық мектеп пен колледжге эвакуациялады.
Су басу қаупі бар 24 жеке үйдің 50 тұрғынын (оның ішінде 23 бала) туыстары қоныстандырды.
"31 наурыз күні сағат 09.00-де су деңгейі төмендеді. Сағат 03.30-да эвакуацияланған тұрғындар үйлеріне оралды", - деп хабарлады Атырау облысының төтенше жағдайлар департаменті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1962915-atyrau-oblysyndagy-auyldy-su-basty-foto-video/