Құтқарушылар Батыс Қазақстандағы көлден атасы мен немересін іздестіріп жатыр
Жарияланған күні:
Батыс Қазақстан облысының құтқарушылары Теректі ауданының Сары Өмір ауылындағы Шалқар көлінде жоғалып кеткен екі адамды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды өңірдің төтенше жағдайлар департаменті Instagram желісіндегі парақшасында.
Ведомство мәліметінше, үрлемелі матраста ата-анасының қарауынсыз қалған 8 жасар ұл баланы желдің әсерінен ағыс көлдің ортасына қарай алып кеткен.
Оның 64 жастағы атасы балны құтқаруға ұмтылғаны белгілі болды.
Қазіргі уақытта олардың іздестіру жұмыстары жүргізілуде.
Кейінірек іздестіру жұмыстарына "ҚазАвиаҚұтқару" акционерлік қоғамының ұшағы қосылды.
Еске сала кетсек, 20 маусымда Семейде 37 жастағы ер адам Ертіс өзеніне батып кеткенін жазған едік.
ШҚО ТЖД Жедел құтқару жасағының сүңгуірлері іздестіру жұмыстарын жүргізіп, оның денесін 21 маусым күні сағат 10:57-де судан 40 метр қашықтықта, шамамен 5 метр тереңдікте тапты
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1975295-qutqarusylar-batys-qazaqstandagy-kolden-atasy-men-nemeresin-izdestirip-zatyr/