Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте өртке оранған қойманы жүзден астам адам сөндірді (фото, видео)

Опубликовано:

тілсіз жау
Фото: Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаменті

Шымкентте бұрынғы кірпіш зауытының аумағындағы қойма өртке оранды. Тілсіз жаумен күресуге жүзден астам адам қатысқан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Өрт туралы ақпарат Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментіне 21 шілде күні сағат 14.42-де түскен.

Қызыл жалынның Еңбекші ауданы Сайрам көшесінде орналасқан қоймадан шыққаны белгілі болды.

Оқиға орнына келген мамандар бұрынғы кірпіш зауытының аумағында "NIК Дистрибьюция" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бір қабатты жанғанын анықтады.

Ғимарат П-тәрізді, аумағында ішінара 2 қабатты қосымша ғимарат бар.

Алдын ала деректер бойынша қоймада ЛДСП, ламинат және тұрмыстық техника сақталған.

Төтенше жағдайлар департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, өрттің жалпы ауданы 1800 шаршы метрді құраған.

Қызыл жалын 17.07-де оқшауланды, дейді ведомство қызметкерлері. Қазіргі уақытта өрттің салдары мен себептері анықталып жатыр.

Айта кетейік, оқиға орнына 120 қызметкер, Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің 25 техникасы, 1 өрт пойызы, апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы, жедел медициналық жәрдем 1 бригадасы, полиция департаментінің 30 қызметкері мен 9 техникасы, жергілікті атқарушы органдардың 7 қызметкері мен 7 техникасы жұмылдырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1979695-symkentte-ortke-orangan-qoimany-zuzden-astam-adam-sondirdi-foto-video/

pixel