Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтан әкімдігінің ғимаратында бірнеше әйел ер адамды соққыға жықты (видео)

Опубликовано:

Әкімдік ғимаратындағы төбелес
Видеодан кадр: kris_p_astana_oficial

25 шілдеде елорда әкімдігінің ғимаратында келеңсіз жайт болды. Бірнеше әйел ғимараттың кіреберісінде ер адамды соққыға жыққан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оқиғаның қалай басталғанын көрсететін бейнебақылау камерасының жазбасы Instagram желісіндегі kris_p_astana_official парақшасында жарияланды.

Бұл жайтқа қатысты пікір білдірген елорда әкімдігі NUR.KZ тілшісіне соққыға жығылған ер адамның әкімдік қызметкері емес екенін мәлімдеді.

Белгілі болғандай, көпбалалы аналар тұрғын үй мәселесін шешу үшін қала әкімдігі ғимаратына келген. Тәртіп сақшылары төбелеске қатысушылардың барлығын ұстаған.

Ал полиция департаменті төбелес туралы хабарлама сағат 11:12 шамасында келіп түскенін айтады.

Ведомство дерегінше, бірнеше әйел ғимараттан шығатын жолды жауып, ер адамды соққыға жыққан.

Дегенмен жанжалға қатысқан екі тарап та полицияға бір-біріне шара қолдануды сұрап арыз жазған.

Аталған факті Сарыарқа аудандық ІІБ-да тіркелген. Сот-медициналық сараптама тағайындалған оның қорытындысы бойынша іс бойынша түпкілікті шешім қабылданады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1980193-nur-sultan-akimdiginin-gimaratynda-birnese-aiel-er-adamdy-soqqyga-zyqty-video/

pixel