Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Теміртауда тағы бір көпқабатты тұрғын үйде газ-ауа қоспасы атылды

Жарияланған күні:

табиғи газ
Көрнекі фото: pixabay.com

Қарағанды ​​облысы Теміртау қаласындағы тоғыз қабатты үйлердің бірінде газдың шығуы себепті газ-ауа қоспасы атылды. Бұл жолы зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Хабар24" арнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, тек бір пәтердегі және екінші қабаттағы кіреберістегі терезелер сынған.

Куәгерлердің айтуынша, төтенше жағдайға адам факторы себеп болған. Зейнеткердің пәтерінен газ шығып, ауаға тараған. Қарияның өзі зардап шекпеген.

"Ол орталық кранды ашқан, сол себепті газ бүкіл пәтерге таралған. Газ бөлмеде жиналып қалғандықтан шырпы тұтатқан кезде жарылған. Мен сол сәтте подъезге кіріп, 2 және 3-қабаттың арасында жоғары көтеріліп бара жатқанмын. Құдай сақтады", - дейді тұрғындардың бірі Мария Силка.

Бұл жайтқа қатысты телеарнаға Теміртау әкімдігінің баспасөз хатшысы пікір білдірген.

"Теміртау қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері газ қызметімен және пәтер иелерімен бірлесіп әр пәтерді қарап тексеріп шықты. Содан кейін тұрғындар үйлеріне оралды", - дейді әкімдік өкілі Гүлнұр Әбдіғалиева.

Еске сала кетсек, бұл Теміртау қаласында соңғы күндері тіркеліп отырған екінші жағдай. 16 тамызда бес қабатты үйде газ-ауа қоспасының жарылуы салдарынан 4 пәтер қираған болатын. Оның себептері анықталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1985073-temirtauda-tagy-bir-kopqabatty-turgyn-uide-gaz-zaryldy/