Ақмола облысында жоғалған 6 жасар бала өлі күйінде табылды
Жарияланған күні:
Ақмола облысы Қосшы қаласында ойнап келуге шығып, жоғалып кеткен 6 жасар баланың денесі табылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомствоның мәліметінше, 26 тамыз күні сағат 21.30 шамасында Қосшы полициясына жергілікті тұрғыннан хабарлама түскен.
Ол екі сағат бұрын 6 жасар ұлының аулаға ойнауға шығып, жоғалып кеткенін айтқан.
"Аталған мекенжайға жедел түрде ПБ басшылығы, жеке құрамы және жедел-тергеу тобы жетті. Жүргізілген іздестіру іс-шараларының нәтижесінде баланың денесі ағын суға арналған шұңқырдан (септик) табылды", – деп хабарлады Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі.
Құзырлы орган аталған факті сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелгенін атап өтті.
Сондай-ақ қайғылы жағдайды тексеру аясында тиісті сараптамалар тағайындалған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1985193-aqmola-oblysynda-zogalgan-6-zasar-bala-oli-kuiinde-tabyldy/