Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада мас жүргізуші автотұрақта тұрған көліктерді талқан етті (видео)

Опубликовано:

Мас жүргізуші көлігімен аударылды
Аударылған көлік. Фото: polisia.kz

Астанада мас жүргізуші көлікпен аударылып, басқа көліктерге зақым келтірді. Жол-көлік оқиғасы болған сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Бейнежазбадан Volkswagen автокөлігінің түнгі уақытта аялдама маңында қалай соқтығысқанын көруге болады. Аударылу салдарынан тұрақта тұрған Kia және Daewoo Nexia автокөліктеріне соқтығысқан.

Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері 28 қазанда сағат 03:30 шамасында Volkswagen автокөлігінің жүргізушісі Абылай хан даңғылымен Айнакөл көшесі бағытында келе жатып, жол-көлік оқиғасын жасағанын анықтады. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

Медициналық куәландыруға сәйкес, 31 жастағы ер адам жеңіл дәрежедегі мас күйінде көлік жүргізген. Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды.

Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешімі бойынша тәртіп бұзушы 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, 20 тәулікке қамауға алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1995005-astanada-mas-zurgizusi-avtoturaqta-turgan-kolikterdi-talqan-etti-video/

pixel