Жетісу облысында бильярд клубына келушілер қанды оқиғаның куәгері болды
Жарияланған күні:
Жетісу облысының тұрғыны танысына екі рет пышақ жарақатын салды деген күдікке ілінді. Жанжал бильярд клубының жанында адамдардың көзінше болған, деп хабарлайды Polisia.kz.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, бильярд клубының жанында ер адамдар арасындағы жанжал төбелеске ұласқан. Нәтижесінде олардың бірі көліктен пышақ алып шығып, қарсыласына екі рет жарақат салған. Мекемеге келген бірнеше адам қанды оқиғаның куәгері болған.
Ведомство мәліметінше, зардап шегуші ауруханаға жеткізілген, қазір дәрігерлердің бақылауында.
"Күдікті 26 жастағы Қазақстан ауылының тұрғыны болып шықты. Ол оқиға орнынан бой тасалағанымен, бір сағаттың ішінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді Алакөл ауданы полициясы бастығының орынбасары Нұржан Берікұлы.
Тергеу Қылмыстық кодекстің 106-бабы (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша жүргізілуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1997303-zetisu-oblysynda-bilyard-klubyna-kelusiler-qandy-oqiganyn-kuageri-boldy/