Қарағанды облысында мұз қатқан өзеннен өтпек болған екі көлік суға батып кетті
Жарияланған күні:
Кеше, 28 қараша күні Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданында төтенше жағдай орын алып, екі көлік Нұра өзенінен өту кезінде суға батып кетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, оқиға шамамен сағат 19:50 кезінде Мұстафин ауылының маңында, Нұра өзенінен өтіп бара жатқан кезде болған. "ГАЗель" көлігінің ішінде 3 адам болса, "Мерседес" көлігінің салонында 6 адам болған, арасында 2 бала бар. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеген, жүргізушілер мен жолаушылар көлік суға батпас бұрын өз беттерімен шығып үлгерген.
Құтқарушылар қазақстандықтарға қатып қалған су айдынында көлік жүргізу үлкен қауіп екенін еске салады. Су ағындары мұзды ыдыратуға және оны белгілі бір аумақта мүмкіндігінше жұқартуға қабілетті. Егер жақын жерде бөгет болса, онда су массаларының бөлінуі мұздың қалыңдығын азайтады. Сонымен қатар, балық аулау тесіктерінен жарықтар пайда болуы мүмкін.
Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлағандай, жақын жерде қарапайым жол жоқ дейтіндей басқа жол болмаса, мұз үстінде келесі ережелерді сақтай отырып қозғалу керек:
- мүмкіндігінше жағалау сызығына жақын жүру;
- егер алда басқа көліктердің іздері бар болса, онда сол сызықтың жанымен қозғала аласыз;
- алдыңғы көліктің ізімен жүруге болмайды, өйткені мұз екі бірдей көліктің салмағын көтере алмауы мүмкін;
- қозғалыс кезінде күрт бұрылыстардан аулақ болу керек;
- саяхатқа жалғыз шықпаңыз
Сондай-ақ, құтқарушылар егер мұзға түсіп кеткен жағдай болса, не істеу керектігін де айтты:
- үрейленбеңіз, оқыс қимыл жасамаңыз, тыныс алуыңызды тұрақтандырыңыз;
- басыңызбен суға батып кетпес үшін қолдарыңызды екі жаққа кеңірек ашып, мұздың шетінен ұстауға тырысып көріңіз;
- мүмкін болса, ағын сізді мұз астына апармайтындай шетке қарай жылжыңыз;
- мұздың шеті бөлініп қалмас үшін оқыс қимыл жасамай, мұқият кеудемен жылжып, мұздың шетіне алдымен бір аяғыңызды, содан кейін екінші аяғыңызды шығарыңыз. Егер мұз сізді көтеріп тұрса, шетінен баяу аунап, жағаға қарай жылжыңыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1999332-qaragandy-oblysynda-eki-kolik-muz-qatqan-ozennen-otu-kezinde-suga-batyp-ketti/