Қостанай облысында ірі жол апатынан 9 адам зардап шегіп, 1 адам қайтыс болды
Жарияланған күні:
Қостанай облысының Арқалық-Торғай тас жолында бес көліктің қатысуымен ірі жол апаты орын алып, салдарынан бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды ІІМ ресми Telegram арнасы.
Ведомство мәліметінше, кеше сағат 14.03-те Арқалық-Торғай тас жолында "Toyota" жүргізушісінің қарсы қозғалыс жолағына шығып кету салдарынан бес автокөлік соқтығысқан.
"Алдымен "Ниссан" автокөлігімен, одан кейін тағы үш көлікпен соқтығысқан", - дейді Арқалық қаласы полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Талғат Балғожин.
Белгілі болғандай, апат салдарынан "Ниссан" жүргізушісі оқиға орнында қаза тапқан.
Алдын ала деректер бойынша, жол-көлік оқиғасынан 9 адам зардап шекті, олардың үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, қажетті сараптамалар тағайындалған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2004020-qostanai-oblysynda-iri-zol-apatynan-togyz-adam-zardap-segip-bir-adam-qaitys-boldy/