Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алакөлде екі адам мінген көлік мұз астына түсіп кетті

Жарияланған күні:

Жүргізушіні іздеу жұмыстары
Іздеу жұмыстары. Фото: ТЖМ

Абай облысында көлік мұз астына түсіп кетті. Ішінде жүргізуші мен жолаушы болған. Соңғысы көліктен шығып үлгерген, ал жүргізуші көлікпен бірге суға батып кетті, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми Telegram-арнасы.

Ведомствоның хабарлауынша, жұма, 13 қаңтар күні сағат 15:10 шамасында Нива маркалы автокөліктің жүргізушісі жолаушымен Алакөл көлін мұз үстімен кесіп өтпекші болған.

Мұз жамылғысының шытынап, сынуынан болып көлік су астына түсіп кетеді. Көлікте отырған жолаушы көліктен шығып үлгерген. Өкінішке қарай, жүргізуші көлік салонынан шыға алмай суға батып кетті.

"Жұмыс барысында бүгін, 14 қаңтар күні таңертең сағат 11-де Абай облысының құтқарушылары суға батқан адамның денесін 28 метр тереңдіктен жер бетіне шығарды", — делінген хабарламада.

Құтқару жұмыстарына ТЖМ күштері мен құралдары, сондай-ақ Абай облысының жедел құтқару жасағынан 4 адам, 1 техника бірлігі, ЖАО 25 адам, 6 техника бірлігі тартылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2005356-alakolde-eki-adam-mingen-kolik-muz-astyna-tusip-ketti/