"Екі бала үйінді астында қалған": Түркістан облысында газ баллоны жарылып, әйел адам қаза тапты
Жарияланған күні:
Түркістан облысына қарасты Шардара ауданында газ баллоны жарылып, бір әйел қаза тапты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайты хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"2023 жылғы 14 қаңтарда сағат 18.41-де 112 пультіне Түркістан облысының Шардара ауданындағы жеке тұрғын үйде алдын ала деректер бойынша газ баллоны жарылғаны, 84 шаршы метр аумақта үйдің шатыры мен қабырғалары жартылай опырылғаны, оқиға орнында өрт орын алмағаны туралы хабарлама келіп түсті.
ТЖМ бөлімгшелері келгенге дейін көршілері үйінді арасынан екі баланы алып шығып, орталық аудандық ауруханаға жеткізді. Қазіргі таңда балалардың жағдайы анықталуда. Аудандық аурухана дәрігерлері балаларға медициналық көмек көрсетуде.
Оқиға орнында әйел адамның мәйіті табылды. Қазіргі таңда жеке басының деректері анықталуда.Өрттің шығу себептері анықталуда. Оқиға орында ТЖ департаментінің қызметкерлері, жұмыс жүргізуде, құтқару техникасы жұмылдырылды", - делінген ТЖМ хабарламасында.
ТЖМ газ баллондарын сақтау және пайдалану кезінде аса сақ болып, қауіпсіздік ережесін сақтауға шақырады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2005372-eki-bala-uiindi-astynda-qalgan-turkistan-oblysynda-gaz-ballony-zarylyp-aiel-adam-qaza-tapty/