Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай облысындағы ірі жол апаты: Екі адам көз жұмып, үш бала ауруханаға түсті

Опубликовано:

Жол-көлік апаты
Көрнекі сурет: pixabay.com

2023 жылғы 14 қаңтарда сағат 13:30-да Семей-Өскемен тас жолында ВАЗ 21102 және Toyota Camry маркалы екі автокөлік бетпе-бет соқтығысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ 21102 автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы алған дене жарақаттары салдарынан жедел жәрдем келгенше оқиға орнында көз жұмды. ВАЗ 21102 көлігінде кәмелетке толмаған тағы үш жолаушы болған.

Қазіргі таңда үш бала мен Toyota Camry көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Іс бойынша бірқатар сот сараптамасы тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2005392-abai-oblysyndagy-iri-zol-apaty-eki-adam-koz-zumyp-us-bala-auruxanaga-tusti/

pixel